Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін турасында шәкірттердің түсінігі қандай?

15.04.2014 3281 0 пікір

Жастарымыз дәстүрлі емес өзге ағым жетегінде шырмалып кетпес үшін, Сыр өңірінде қазіргі таңда айтулы бірнеше шаралар жасалып келеді. Соның бірі қалалық білім бөлімі және дін істер басқармасының қолдауымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен 11 сыныптар арасында ауқымды кездесу өтті.

Бұл кездесу Абай ауылы №138 қазақ орта мектебінде 3 ауылдың барлық мектеп бітіруші түлектері және мұғалімдерінің қатысуымен, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану турасында Өкіл имамнан уағыз тыңдады.

Оқушылыр Өкіл имамның «Сіздердің дін турасында түсініктеріңіз қандай?» – деген сұрағына көптеген жауаптар берді. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ:

Дін әрбір адамның ұстанатын бағыты.

Дін адамдар мен Алланың арасындағы байланыс.

Дін әрбір адамның қалауы.

Дін әркімнің өз қалауымен дүниеде және ахиретте нағыз бақытқа жеткізетін иләһи жүйе.

Осылайша бітіруші түлектер Бас имамның сұрағына тұщымды жауаптар беріп, көкейлеріндегі сансыз сұрақтарға жауап алды.

Осы жиында «Сырдария-Руханият» орталығының теолог маманы Қанат Мырзабековте оқушыларға діни экстремизмнен сақтану керек екенін айтты.

Кездесу барысында оқушыларға Бас мүфтидің бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен Діл» кітабы таныстырылып, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті турасында да айтылып, оқуға шақырды.

Бұл кездесу тек бастамасы. Алдағы уақытта қаламыздағы басқада мектеп бітіруші түлектеріне кездесулер жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру