Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан найб имамдарына семинар басталды.
Осыдан он бес күн бұрын имамдардың басты ілімі болған ақида сабағынан қала және аудан мешіттерінің имамдарына семинар ұйымдастырылған болатын. Міне, бүгінде найб имамдардың және ұстаздардың басын қосып, Алла Елшісінің мирасы болған хадис ілімінен 1 апта көлемінде дәріс жүргізілмек.
Дәрісті орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Нұрлан Әбжанов имамдарға Сахих әл-Бұхаридің таңдамалы жинақтарынан апта көлемінде мағынасымен жатқа оқытып, тереңірек үйретеді.
Алла тағала имамдарымыздың білімін жетік етіп, халық арасында ынтымақ пен бірлігі жарасып, қашанда шаттықта, иман аясында бақытты өмір кешуге жазсын! Әмин.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы
өкілдігі баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2014
3506
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру