Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алатаудағы тартымды талқылау

15.04.2014 3801 0 пікір

Елбасымыз айтқандай «Түбіміз түрік дініміз ислам, кітабымыз Құран, сол себепті Құран Кәрімді насихаттауды ұмытпауымыз қажет» – деген болатын. Соған орай «Бекет-ата» мешітінде діні бір түркі тілдес үлкенді кішілі 40-қа жуық бауырлардың қатысуымен «Дін мен дәстүр» аясында семинар өтті. Ең алдымен Алатау аудандық Бекет ата мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы сөз сөйлеп, Семинарды өткізудегі мақсатымыз «Алатау» ауданы бойынша мешіттердегі өзекті мәселелерді талқылау және де, ауданымыздағы кей мешіттердегі ағымдардың алдын алып ауыл ақсақалдары мен жігіт басшыларын бірлікке шақырып, қазіргі таңдағы теріс түсінікте жүрген  жастарға олардың ескертуі өте маңызды екенін айта келе, Қазақ халқының дінімізді дәстүріміз арқылы сақтағанын кесіп айтты. Сондықтан  біздің еліміздегі дәстүрімізді сақтап сол жастарға имамдарға қосылып сіздер айтуларыңыз керек деді. Аудан әкімімен кездескенде мешіттердегі мәселелердің шешілетіндігіне әкім сөз бергенін айта келе, жат ағымға кетіп жатқан жастарға ақсақалдар  бірге тәрбие беру керек және ағымдарға қарсы жұмыс жасау  негізгі мәселе екенін айтты. Сонымен қатар, ұсыныс, лебіз-алғыстар айтылды. Атап  айтқанда «Әскер-ата»  мешітінің бас имамы Базарбекұлы Батырбек, мешіт ақсақалдар басшысы Егізбаев Тілек  атамыз, Нұр мешітінің Бас имамы Ахтаев Бақтыбай, жігіт басшысы Кадиров Ярмұхаммед ағамыз, Мырзахмет мешітінің бас имамы Бостанұлы Ержан, мешіт ақсақалы Тойшиев Жақсылық ата, Қыстаубайұлы Манас мешітінің бас имамы Акпарұлы Олжас және де Тамиров Тұрдахан ақсақал сөз сөйлеп алдағы уақытта бірігіп дәстүрімізді жоққа шығарып бүлік шығарып жүргендермен ақсақал болып, аға басшылар болып бірлесе атсалысатындығын айтты және де Орынбасар қажыға  алғыстарын білдірді. Сонан соң ақсақал қарияларға арнайы әзірлеген үлкен дастарханнан ас ішіліп «Әскер-ата» мешітінің Бас имамы Базарбекұлы Батырбек ағамыз өте керемет уағыз-насихат жүргізді. Барша ақсақал қарияларымыз және қонақтар өте көңілді қайтты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру