Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға сертефикат табыс етілді

15.04.2014 3205 0 пікір

Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітіне қарасты сауат ашу курсында өңірімізге қарасты қала, кент және ауылдардан келген он алты имамға «Фиқх» пәнінен семинар өткізілді. Семинар барысында имамдар мен жамағат арасында өзекті мәселелер талқыланып, сұрақтарына қажетті жауаптарын алды. Дәріс алған орта жастағы имамдар мен ақсақалды аталар да өз кезегінде дән ризашылықтарын білдірді. Барлық семинарға қатысқан имамдарға өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы аймақтық мешіт атынан арнайы сертификаттарды табыс етті. Алдағы уақытта дін қызметкерлерінің білімін пысықтап, толықтыру  үшін осындай семинарлар аймақтық мешіттерге қарасты наиб имамдар мен азаншыларға өткізу жоспарға енгізілді.

 ҚМДБ-сы  Жезқазған аймақтық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру