Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атадан мал қалғанша, тал қалсын

14.04.2014 6869 0 пікір

Дәстүрлі дініміз бойынша тазалықтың адам өмірінде алар орны ерекше. Күнделікті асымыздың таза болуы, бойымыздың тазалығы, тұрғылықты жеріміздің тазалығы, киім тазалығы, қоршаған ортамызды таза сақтауымыз, тұтынған дүниеміз бен ниеттің тазалығы, жүректің ақтығы, тапқан табыстың адалдығы – бәрі де салауатты өмір салты мен баянды тіршіліктің негізін құрайды.

Әз Елші Мұхаммед (с.ғ.с.) хадисінде «Тазалық иманның жартысы» дейді. Осы хадисті Сыр өңірінің жамағаты ұран етіп, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ауласын тазалап, имандарының толысуына тер төге қызмет жасады.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын», - демекші бұл сенбілікте өкіл имам Талғат Омаров жамағаттармен бірге тал егіп, жасыл желектің көбеюіне үлес қосты.

Бұл іс – шараға қалалық әкімшілік және облысымыздағы дін істер басқармасының қызметкерлері, қаламыздағы халыққа қызмет көрсету орталығы, мешіт жамағаттары мен имамдары, жалпы кішкентай балалардан бастап, еңкейген қарттарға дейін білек сыбана кірісіп мешіт ауласын тазалауға өз үлестерін қосты.

«Біріккен бітіреді,

Ұйымдасқан ұтады», - демекші осылайша Сыр халқы Алла үйіне жұдырықтай жұмыла сенбілік жасады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі
орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру