Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Су тіршіліктің қайнар көзі

14.04.2014 4433 0 пікір

Таугүл мешіті 2008 жылы ашылғалы біршама ізгілікті істердің ұйытқысы болғаны белгілі. Жамағат мешіт төңірегіне топталды. Бүгінде мешітке келуші жамағаттың саны күн санап артып келеді. Таугүл мешітіне тағайындалған жаңа имам Нұржан Таласұлын да жылы қабылдадық. Ұзақ жылғы тәжрибесіне сенім арттық. Мешітімізде осы күнге дейін шешімін таппай келген үлкен мәселе бар болатын. Ол - ауыз су мәселесі. Қыс айларында су болғанымен, жаз мезгілі келгенде су тапшылығын тартатынбыз. Жаңа имам келісімен осы қиыншылықтың оң шешімі табылғанына жамағат дән риза. Пайдаланатын су тау суы болатын, қазір қалалық су жүйесіне қосылдық. Ендігі жерде мешітке келуші жамағат намаздарына дәрет алу үшін су тапшылығын көрмейтін болады. Алла баршамызға разы болғай.

 Таугүл 3 мешітінің
бір топ жамағаты

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру