Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Студенттермен жүздесу

14.04.2014 3283 0 пікір

Жезқазған қалалық «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында қала жұртшылығымен орыс тілінде уағыз-насихат жүргізілді. Қарағанды қаласы, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы залға толы студент жастар мен ұстаздарға уаһабилік сынды қоғамымызға жат ағымдар жайлы, олардың тигізіп жатқан зияндығын баяндап берді. Сонымен қоса, жергілікті насихат  жұмыстарына Жезқазған аймағы бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тасмағанбетова Айшагүл Жапарбайқызы қатысты.

Кездесу барысында «Джихат» мәселесі жайлы сұрақ қойылды. Оқу орындарында қыз балалардың орамал тағу мәселесі жайлы да сауалдар ортаға салынды. Осындай сауалдарға дін мамандары тарапынан қанағаттанарлық жауаптар берілді.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру