Жақында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының нұсқауы бойынша медресе директорларының жиналысы болып өтті.
Мақсаты медресенің жетістіктері мен кемшіліктері, даму бағыты жөнінде мәселелер көтеріліп, медресе директорларының пікірлері айтылған еді. Оған «Орал» медресесінің директоры Руслан Сұлтанов қатысқан болатын. Осыған орай Руслан Тыныштықұлы медресе ұстаздары арасында жиын өткізіп, Бас мүфтидің берілген тапсырмаларын жеткізіп, рухани білімін сапасын арттыру жайында пікірлер айтылды. Сондай-ақ, медресеге келіп, екі дүниенің бақытына бөленіп, сауат ашу курсына шәкірттердің көп екенін, орайы келсе медреседен ілім алам деген шәкірттерге медресе тарапынан жағдай жасалатынын жеткізді.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2014
3818
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру