Ақжайық ауданында ақпараттық-насихат тобы мүшелерін оқыту бойынша семинар өтті.
Шараны БҚО Дін істері басқармасы дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің жетекшісі С.Ғиззатов ашып, ақпараттық-насихат тобының алдында тұрған міндеттермен таныстырды. Сондай-ақ, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының теологы А.Нұрахметұлы, Облыстық орталық мешітінің найб имамы М.Қыстаубаев ислам дінінің негізгі құндылықтары, «Жалған діни ағымдардың ерекшеліктері» турасында дәріс оқыса, БҚО Дін істері басқармасының бас маманы С.Жұмағұлов әр түрлі мақсатты топтардың экстремистік әрекеттерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды атқарудың технологиясы туралы баяндама жасады.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2014
3237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру