Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылған ақпараттық насихат жұмыстары облыс көлемінде атқарылуда. Мектеп, колледж, университет және мемлекеттік мекеме ұжымымен кездесулер ұйымдастырылуда. Қоғамның тыныштығы мен бірлігін сақтау баршамызға ортақ міндет. Дін атын жамылған теріс ағымдардың қоғамға тигізер зияны мен зардабын түсіндіру мақсатында Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов пен Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков сәуірдің 10 күні Ақтау қаласындағы Әкімшілік полиция қызметкерлері және сәуірдің 11-ші жұлдызында Қалалық Ішкі істер қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өкіл имам елімізде белең алған радикалдық ағымдардың шығуы мен қоғамға тигізер зардаптары жайында кеңінен түсіндіріп, тәртіп сақшыларының сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер тәртіп сақшылары арасында жиі өтуде.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2014
4037
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру