Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдарға сертификат табыс етілді

13.04.2014 3490 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Бас мүфти тапсырмасына сәйкес мешітте қызмет етіп жүрген имамдардың білімі мен білігін арттыруға арнап сәуір айының 8-11 күндері аралығында 4 күндік курс ұйымдастырған болатын. Міне, сол курс аяқталып, сәуірдің 11-ші жұлдызы кешкісін имамдарға сертификат табыс етілді. Сертификатты табыс ету рәсімін өкіл имам жүргізіп, арнайы курс үшін шақыртылған «Нұр-Мүбарак» университетінің докторы, танымал ғалым Алау Әділбаев имамдарға сертификатты табыс етті. Өкіл имам мен Алматыдан арнайы келген А.Әділбаев ұстаз имамдарға сәттілік тілеп шығарып салды.

4 күндік курс барысында таңғы 9-дан кешкі 18-ге дейін дәріс оқылып, «Құран», «Ақида», «Ихтилафи мәселелер», «Ханафи мәзһабы және хадис», «Усулул фиқһ» және «Ағымдар тарихы» пәндері бойынша дәрістер берілді. А.Әділбаев ұстаз «Ханафи мәзһабы және хадис», «Усулул фиқһ» пәні бойынша екі күн дәріс оқыды. Имамдар Қанат Жұмағыл мен А.Әділбаев ұстаздардың берген білімдеріне дән риза.

Имамдардың білімін жетілдіруге арналған семинар, курстар ұдайы жүргізілетін болады.

Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру