Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков келгелі мешіт жамағатының сауатын арттыру мақсатында аптасына 4 рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері өзі мешітте құптан намазынан алдын 40 минут уағыз айтуда. Ал қалған 3 күнде облыстық мешіттің найб имамдары уағыз айтуда.
Өкіл имам мешіт жамағатының діни сауаттылығын арттыра түсу және салафилік, тәкфирлік ағымның алдын алу мақсатында ай сайын елімізге танымал ғалымдарды арнайы шақыртып, облыстық, қалалық, аудандық мешіттерде уағыз айттыруды ұйымдастыруда. Осы мақсатта «Нұр-Мүбарак» университетінің докторы, танымал ғалым Алау Әділбаев облыстық мешітте 10-11 сәуір күндері шам мен құптан намазы аралығында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірі, сахабалар арасындағы ынтымақ пен бірлік, ханафи мәзһабының хадис ұстанудағы әдіснамасы жайында тұшымды уағыз айтты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2014
3254
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру