Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Бас имам Талғат Омаров және мешіт қызметкерлерімен бірге, ата-ана қамқорлығынан айырылған 37 тәрбиеленушілері бар, облысымыздағы «Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығына» азық-түлік апарып берді.
Орталық директоры Баймбетов Ұлықпан Мылтықбайұлы: «Осылай біздерді елеп көмек көрсетіп жатқандарыңызға рахмет. Сіздер бізге бірінші рет емес, осы уақытқа дейін бірнеше мәрте қайырымдылық шараларын жасап қол ұшып беріп келесіздер. Басқа да іс-шараларымызға қатысып, балаларға ақылдырыңызды айтып жатсыздар, сол үшін де осы орталық қызметкерлерінің атынан және тәрбиеленушілірдің атынан үлкен алғыс айтамыз», - деп өзінің шексіз ризашылықтарын білдірді.
Тәрбиеленушілер арасынан діни білім алуға қызыққан Ардақ есімді бозбала, Бас имамға өзінің медреседе оқығысы келетінін айтып, ақыл-кеңес сұрады. Талғат Омаровта еліміздегі медреселер жайын айтып, Алланы таныған адам жаман істерден бойын аулақ ұстап, елі мақтан етер азамат болары анық деп, биылғы жаңа оқу жылының дайындық курсына шақырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2014
4515
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру