Кеше Алматы «Заң колледжінде» Әуезов аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, Таугүл мешіті «Дін мен дәстүр сабақтас ұғым» атты кездесу болып өтті. Бас имам Нұржан Таласұлы 2014 жылды ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «дін мен дәстүр» жылы деп жариялағандығын айта келе, қазақ халқының дәстүрі Исламмен біте қайнасып кеткендігін тілге тиек етті. Қазақ мәдениеті мен Исламның сабақтасатынын тарихи деректермен әңгімелеп берді. Кездесуге Әуезов аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Жамбылов Баймұрат және «Мүзаміл» мешітінің ұстазы Хамраев Бақытжан қатысты. Кездесу соңында бас имам Нұржан Таласұлы колледждің кітапханасына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын сыйға тартты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2014
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру