Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орыс қызы Ислам қабылдады

11.04.2014 3893 0 пікір

Бүгін Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешітінде орыс ұлтынан болған азаматша Ислам дінін қабылдады. Орталық мешітте Лида атты қаламыздың тұрғыны дін қабылдап ресми түрде мұсылман болды. Ислам құндылықтарын мойындап, ақиқат дінді қабылдағысы келген азаматшаға, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы кәлима айтқызып, Ислам құндылықтарынан мәлімет берді. 

Өкіл имам Лиданы мешітіміздегі қыз-келіншектерге арналған сауат ашу курсынан тұрақты сабақ алуға шақырды. Сондай-ақ, Ислам нұрына шомылған жанның иманын арттыратын және құлшылығымыздың мәйегі болған намаз оқуға үйрететін кітаптарды сыйға тарту етті.

"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру