Қайырымдылыққа үндеген келелі сұхбат
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы 10 сәуір күні Атырау облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының студия қонағы болып, тікелей эфирден шығатын «Иман нұры» бағдарламасында кезекті сұхбатын берді. Бағдарлама барысында дініміздің асыл құндылықтарының бірі болған қайырымдылық тақырыбы қозғалды. Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы қайырымдылықтың Ислам дініндегі орны мен салт-дәстүріміздің де ажырамас бөлшегі екендігін айрықша атап өтті. Сонымен қатар ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының осы жылғы тапсырмаларының ең бастысы қайырымдылық екенін тілге тиек етіп, қала жұртшылығын орталық мешіт жанынан өтіп жатқан қайырымдылық акциясына атсалысуға шақырды.
Акция қайырымдылықты насихаттайды
Сәуірдің 10 күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлының бастамасымен «Сен де үлесіңді қос!» атты кезекті қайырымдылық акциясы өткізілді. Қаламыздың тұрғыны көп балалы жанұяның отағасы Ө.Тұрсынғалиев есімді мүгедек жанға азық-түлік, киім-кешектермен көмек көрсетілді.
Қайырымдылық хайырлы іс демекші, асыл дініміз мұқтаж бауырларымызға әрдайым көмек беруді дәріптейді. Қазіргі күні акцияға атсалысып отырған жамағаттарға, қала тұрғындарына алғысымызды білдіре отырып, акцияның алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретіндігіне сеніміміз зор.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2014
4367
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру