Қызылорда облысы Дін істер басқармасының басшысы Камалов Бақытжан Жарылхасынұлы шағын мәжіліс өткізіп, 2013 жылғы атқарылған іс-шараларды БАҚ өкілдеріне баяндап берді.
«Дін істер басқармасы конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, діни бірлестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіріу жұмыстарын жүргізу, осы саладағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруші болып табылады. Жалпы 2013 жылы дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу, жергіліті тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында 10 000 дана діни ақпараттық жадынамалар («Исламдағы шынайы мұсылман бейнесі», «Діни экстремизмге жол жоқ», «Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы – біздің жолымыз» т.б) шығарылып, халыққа тегін таратылса, ҚМДБ сараптауынан өткен «Иман негіздері», «Имам әліппесі», «Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары» тағы басқа кітаптармен бейне дискілері шығарылды. Облысымызда бүгінгі күні діни ахуал тұрақты. Қызылорда облысы тұрғындарның өңірдегі конфессия аралық қатынастарға байланысты пікірлерін анықтау мақсатында 2013 жылдың қортындысымен жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 85,8 пайызы аймақтағы діни ахуалды «бірқалыпты, шиеленіссіз, қолайлы», – деп жауап берген», – деп Бақытжан Жарылхасынұлы облысымыздағы діни ахуалдың жағдайы туралы баяндап кетті.
Бұл жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаровта қатысты. Бас имам сөз алып мешіт тарапынан, облыс көлемінде жасалған 1 жылдық елеулі іс-шаралармен таныстырды.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
өкілдігі Орталық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2014
3627
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру