Сәуір айының 9-жұлдызында «Алатау» ауданының әкімі Манзоров Бағдат Сайланбайұлы Алатау аудандық мешіт имамдарын қабылдап барлық имамдармен жақын танысты. Аудан Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы Алатау аудандық жеті мешіттің ең өзекті проблемаларын әкімнің алдына қойды. Атап айтқанда Әскер-ата мешітінің алдындағы шайтан базардың орнына көлік тұрағын жасап беруін. Көк-Қайнар мешітінінің Кәріз құдығын қалалық кәріз құбырына қосып беруін. Өжет мешітінің ауласынан өткен газ құбырын мешіт сыртына шығарып беруін. Мырзахмет мешітінің Солтүстік айналым көшесі бойынан мешітке жаяу жүргіншілерге арнап аспалы көпір салып беруін. Нұр мешітінің алдындағы иесіз жатқан бау-бақшаны үлкен дуалмен бекітіп қоршап беруін. Зария Востока мешітінің ауласынан барша көрші тұрғындар мектепке, жұмысқа өтетіндігін айтып басқа жақтан жол салып беруін сұрады. Содан соң бесін намазынан кейін арнайы аудан әкімі Манзоров Бағдат Сайланбайұлы және аудан әкімінің орынбасары Маржан Ертайқызы, аппарат басшысы Торланбаев Баймұрза, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Сәбитов Бектас, коммуналдық шаруашылық басшысы Қалмасаев Мұқан, көріктендіру бөлімінің басшысы Әлі Ғани, Аудандық Бас имам Орынбасар қажы, аталмыш мешіттермен танысу мақсатында мешіттерді аралады. Ең бірінші «Әскер-ата» мешіті, Нұр мешітін, Көк-Қайнар мешітін, Қыстаубайұлы Манас мешіттерін аралап мешіттердегі жүріп жатқан құрылыстарын көріп жасап жатқан жұмыстарды қолдап аталмыш мешіттердің өзекті мәселелерін шешіп беретіндігін айтып өтті «Бекет-ата» мешіті «Зария Вастока мешітін», «Мырзахмет» мешіттерін осы аптаның аяғына дейін аралайтындығын айтты.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2014
3967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру