Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шипажайдағы семинар (ФОТО)

09.04.2014 4005 0 пікір

Талдықорған өңірінің имамдары наурыз айының 31-ші  жұлдызымен сәуір айының 7-ші жұлдызы аралығында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша Жетісу өңіріндегі аудан, қала имамдарының ілімдерін көтеру мақсатында Панфилов ауданы, Керімағаш шипажайында семинар өтті.

Бұл семинардың ерекшелігі имамдар ілімдерімен қоса емдерін де қабылдады. Сонымен қатар, шипажайдағы өткен семинарда имамдар бірнеше күн өзара тәжрибе алмасып, араларындағы бауырмалдық бірліктері де артты. Игілікті шараға арнайы дәріс оқуға ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы имамдармен бірге болып, дәріспен қоса өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, мамандардың біліктіліктерінде шыңдады. Семинарда: Ақида, «Ханафи мәзһабының жүйеленуі», «Шариғаттағы тыйым санынған ихтиләф қандай», «мәзһаб туралы жалпы мағлұматтармен мәзһабтың түрлері» және де нәпсі тәрбиесі, сияқты пәндер оқытылды.

Сондай-ақ, ауыл жастарымен имамдар арасында спорттық жарыстар да ұйымдастырылды.

Шипажайдың басшысы Болат Сүлейменұлы діндар азамат болғандықтан шипажайдағы емделу барысында Исламның қағидаларын басшылыққа ала отырып адамның жанына рахат беретін барлық мүмкіншіліктер қарастырылған.

Өкіл имам Серікхан Рымханұлының ұйымдастыруымен өткен қамқорлық шараға имамдар разылықтарын білдіріп, алдағы уақытта аянбай қызмет ететіндіктерін жеткізіп, сертификаттарын алып, ауылдарына тарасты.

 ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру