Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шариғат тәлімі жүргізілуде

09.04.2014 3289 0 пікір

Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітіне қарасты сауат ашу курсында  ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша қала, аудан және ауыл имамдарының білімін пысықтау үшін кезекті  семинар сабақтары басталды.

7 сәуір күні таңертеңгі сағат 10.00-ден бастап өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлының басшылық етуімен имамдарға «Фиқх» дәрістерін өткізуді  қолға алынды.

Жезқазған аймағына қарасты Сәтбаев, Қаражал қалалары, Жәйрем кенті мен Ұлытау, Жаңа-арқа аудандарынан келген имамдар өз білімдерін пысықтау үстінде. Күнделікті жамағат арасындағы мазалап жүрген сауалдарына да аймақтық өкіл имам тұшымды жауаптарын беруде. Шариғат мәселелері бойынша «Фиқһ» дәрістері де жүйелі түрде имамдарға оқытылып  жатыр. Алдағы уақытта осындай семинар дәрістері шариғаттың басқа да салалары бойынша  өткізілу жоспарлануда.

 ҚМДБ-сы  Жезқазған аймақтық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру