Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Табиғи апатқа ұшырағандарға көмек берілді

09.04.2014 3516 0 пікір

Көкпектіде болған жағдай елеңсіз жатқан елді дүрліктірді. Ата-әжелеріміз жатса-тұрса, оттан судан сақта деп Алла Тағаладан бекер тілемесе керек. Айтып келмейтін тілсіз жаудың салдарынан зардап шеккен ауылдың жабырқаулы күйін көрген адам бей-жай қарап отыра алмасы анық. Апат алған күннің ертеңінде-ақ жанашырлық танытқан азаматтар топ-топпен барып жәрдемдесіп жатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының бастамасымен, Қарағанды облыстық орталық мешітінің қызметкерлері, облыстық мешітке қарасты барлық аудандық мешіттердің қызметкерлері, 200-ден астам мешіт жамағаты бір үйдің баласындай білектерін сыбанып жұмысқа кірісіп кетті. Жыл бойы бірлік болмай тірлік болмас деп уағыз-насихат жүргізген имамдардың айтқандары елеусіз қалмаған екен. «Төртеу  түгел болса, төбедегі келеді» деген осы. Шама-шарқынша қолдан келгенін аянбай, ел болып киім-кешек, азық-түлік, тұрмысқа қажетті техникалық жабдықтар т.б. қажетті заттармен қамтамасыз етіп, зардап шеккендерге демеу болды.  Облысқа қарасты барлық аудан мешіттерінен арнайы қаражат жиналып, 500-мыңнан астам қаржылай көмек берілді. Игі шараның басында жүрген өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы: «Жабырқаған жанның жанынан табылып, жарқын жүздерін көргеннен артық ештеңе жоқ», - дейді.       

Тотия Енсебаева
Қарағанды облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру