Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық имамдар білімдерін шыңдауда

09.04.2014 3198 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековтың ұйымдастыруымен 8-11 сәуір аралығында облысқа қарасты қала, аудан және ауыл мешіт имамдарының білімін жетілдіру курсы басталды. Аталмыш курс Маңғышлақ мешітінің ғимаратында өтуде. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тал бесіктен жер бесікке дейін білім талап етуді бұйырғанын жақсы білеміз. Бас мүфти дін қызметкерлерінің білімі мен білігін арттыру заман талабы екендігін үнемі назарда ұстауда. Осыған орай маңғыстаулық имамдардың білімі мен білігін арттыруға бағытталған 4 күндік курс өтуде. Өкіл имамның жоспарына сәйкес әр тоқсан сайын курс ұйымдастыру жоспарланған.

Курс барысында имамдарға Құран, Ақида, Ихтилафи мәселелер, Ханафи мәзһабы және хадис, Усулул фиқһ және Ағымдар тарихы бойынша дәріс өтіледі. «Ақида», «Ихтилафи мәселелер» пәні бойынша теолог Қанат Жұмағұл дәріс оқыса, «Ханафи мәзһабы және хадис», «Усулул фиқһ» пәні бойынша «Нұр-Мүбарак» университетінің докторы, танымал ғалым Алау Әділбаев дәріс беретін болады. Өкіл имамның өзі «Ағымдар тарихы» бойынша имамдарға дәріс оқып, қазіргі теріс ағымдар жайында толыққанды мәлімет беретін болады.

Алла имамдарымыздың ықыластарын арттырсын деп тілейміз.

 Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру