Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде имамдарға семинар өтуде

08.04.2014 3211 0 пікір

Әр істің нәтижелі болуы үшін білікті маманның орны ерекше. Ал екі дүниеде бақытқа жету жолына бастайтын дін мәселесінде дін мамандарының жоғары білімді, заман талабына сай жан-жақты болуы өте маңызды. Осындай жауапты әрі сауапты істер жүктелген имам-молдаларымыздың білімді әрі заманауи технологияны игерген болуы талабын Бас мүфтиіміз ерекше қолға алып, осы бағытта тапсырмалар жүктеуде.

Дінбасымыздың тапсырмаларын орындау мақсатында 5-10 сәуір аралығында Ақтөбе облысына қарасты аудан, қала, ауыл имам-молдалардың біліктілігін көтеру мақсатында «Ақтөбе» медресесінде діни семинар өз жұмысын бастады.

Семинарда Құран, тәжуид, ақида, усулул-фиқһ, фиқһ, компьютер-ғаламтор сауаттылығы, мақала жазу ережелері дәрістері берілуде.

Діни семинарға Ақтөбе облысына қарасты 30-ға жуық имам-молдалар қатысуда.

 Облыстық орталық «Нұр-ғасыр»
мешіті баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру