Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Қайназарұлы 2013 жылдың басы мен осы күн аралығында асыл дініміздің аясында атқарған іс-шаралары негізінде халыққа есеп берді. Есеп беру барысында тыңдаушыларға «Нұр ғасыр» мешіті асханасында дастархан жайылды. Жиынға қажылар, ақсақалдар, БАҚ және зиялы қауым өкілдері, имам молдалар мен мешіт, медресе жанашырлары қатысты. Өкіл имамның есебінен соң, келген қонақтар сөз алып жасалған жұмыстарға оң баға беріп, тілектерін білдіріп жатты. Алдағы күннің еншісіне нақты іспен орнығатын, ата дініміздің мерейі мен беделін көтеретін жоспарлар жасалып елеулі жұмыстар жасалатыны бекітілді.
Облыстық орталық «Нұр-ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2014
3469
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру