Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ізгілік жасау бәйгесі

08.04.2014 5637 0 пікір

Таугүл-3 мешітінде мұсылман жамағатын ізгілікке біріктіру мақсатында «Бір айлық өзіңізге -  өзіңіз есеп жүргізіп көрдіңіз бе?» деген тақырыппен мешітке келуші жамағаттары арасында тесттік бәйге жарияланды. «Бұл игі шараны ұйымдастырудағы басты мақсат Алла елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с): «Есепке тартылмай тұрып, өздеріңді есепке тартыңдар!» – деген хадисіне амал ету», – дейді Таугүл мешітінің бас имамы Нұржан Таласұлы.

Тесттік бәйгенің ережесі, бір түйір алма жемісі мен жапырақты  ағаштың суреті бейнелеген парақша таратылады. Әрбір бұтағындағы жапырақтары және алма жемісі жасаған қайрымдылығыңыздың, ізгілігіңіздің куәсі болады. Бір күнде тапсырылған бес ізгілікті орындасаңыз және бір мәрте қайрымдылық жасасаңыз жапырақтарды жасыл түске, ал алманы қызыл түске бояйсыз. Керісінше болған жағдайда, жапырақтар мен алма жемісі қара түске боялады. Осылайша ай соңында өзіңіздің ізгілікке жарысуда деңгейіңізді көретін боласыз.

Бас имам Нұржан Таласұлы: «Кімнің ағашының жапырақтары тек жасылға, ал алмасы қызылға боялса, қомақты сыйлығымыз бар. Ал кәнекей ізгілікке жарысайық», – деп жамағатты бір серпілтіп алды.

Ағашыңыздың жапырақтары бірыңғай жасылға боялуын нәсіп етіп, Жәннәттағы жеміс ағашыңыз да осылай жайқалып тұрғай деген тілек білдіреміз.

Бір айлық өзіңізге -  өзіңіз есеп жүргізіп көрдіңіз бе?
«Есепке тартылмай тұрып, өздеріңді есепке тартыңдар!» (Хадис)

Мұсылман бауырым! Суреттегі талдың әрбір бұтағында бес жапырақ пен алманың суреті берілген. Бес жапырақты бес ізгілігім, ал алманы жасаған қайрымдылығым деп біліңіз. Көрсетілген апталардың  қай күнінде амал жүзеге аспаса қара түске, орындалса жасыл түске бояңыз. Ал сол күнгі қайрымды ісіңізді (алманы) қызыл түске бояңыз.  Қайрымдылық жасамасаңыз алманы қара түске бояңыз.

Осылайша, ай соңында өзіңізді есепке тартып көріңіз!

1-ші жапырақ, Таң намазын жамағатпен оқыдыңыз ба?
2-ші жапырақ, Құптан намазын жамағатпен оқыдыңыз ба?
3-ші жапырақ, Жол ережесін бұзбадыңыз  ба?
4-ші жапырақ, Балағат сөзден тыйылдыңыз ба?
5-ші жапырақ, Адамға қуаныш сыйладыңыз ба?
Алма жемісі, ол бір қайрымдылық ісіңіз.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّي اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَنْ غَشَّنَا فَلَيْسَ مِنَّا

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай деді :  «Кімде кім алдаса, ол бізден емес» (Хадис)

Ескерту: Ақиқатты ғана жазыңыз (Аманат)

Алматы қаласы. Әуезов ауданы. Таугүл-3 мешіті

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру