Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мұсылман қауымы үшін 2014 жыл – «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады.
Осыған орай, Алматы қаласы Медеу ауданы «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы мешіт ақсақалдарымен кеңесіп, 2014 жылдың «Наурыз» мерекесі күндері, атап айтқанда наурыз айының 20-31 күндері аралығында «Дәстүрлі дін мен салттың сабақтастығы» қайырымдылық-ағартушылық науқанын ауқымды өткізуді жоспарлады.
20-наурыз бейсенбі күні «Думан» ықшам ауданында орналасқан № 172-жалпы білім беретін мектепте 30 балаға «Наурыз» мерекесі ұйымдастырылып, «Наурыз көже» таратылды.
25-наурыз күні «Райымбек батыр» мешіті бас имамы Керімбеков Нұржан «Наурыз» мерекесінде Алматы қаласы Райымбек даңғылында орналасқан «ЛА-155/6» балалар колониясында кездесу жасап, демеушілер мен мешіт жамағатының көмегінде тәрбиеленушілерге «НАУРЫЗ» мейрамын өткізді. Жалпы сомасы 45 000 (қырық бес мың) теңгелік сүт өнімдері және наурыз-коже т.б. сыйлықтар таратты.
Балалар колониясына «Наурыз» сыйлығы
29-наурыз сенбі күні «Райымбек батыр» мешітінде бас имамның ұйымдастыруымен дәстүрге сай «асар» (сенбілік) өткізілді. Асарда мешіт қызметкерлері, шәкірттермен бірге жамағат қатысты. Мешіт ауласы тазаланып, гүл көшеттері отырғызылды.
Ұлттық дәстүр – «Асар» ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда
31-наурыз дүйсенбі күні «Райымбек батыр» мешітінің ұйымдастыруымен «Мегатау» сауда орталығында орналасқан сауат ашу курсында «Дін мен дәстүр» науқаны аясында «Ашық сабақ» өткізілді. «Ашық сабақ»-та «Райымбек батыр» мешіті бас имамы Нұржан Пірәліұлы, наиб имам Аманбеков Тохтарбай, Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешіті ұстазы Мағзумов Абдусаттар, «Әл Хамид» мешітінің наиб имамы Құрбанбаев Батырхандар қатысты.
Екі сағатқа жалғасқан ашық сабақта имамдар «Дәстүрлі дін мен салттың сабақтастығы», «Қазақи салт-дәстүрдің Ислам діні мен үйлесімділігі» және «Наурыз –Ұлттық мейрам» тақырыптарын қамтып, жиылған шәкірттерге кеңінен түсіндірді.
«Мегатау»-дағы шәкірт-апайлар білімге өте ынталы
31-наурыз күні бесін намазынан соң «Райымбек батыр» мешітінде бас имам Нұржан Пірәліұлы жамағат пен шәкірттерге «Дін мен дәстүр» жылы жайында уағыз айтып, сағат 14:00-ден 14:30-ға дейін жамағатпен бірге «Онлайн дәріс»-ті үлкен экраннан көріп, тыңдады.
«Онлайн дәріс» әсерлі өтті
31-наурыз күні «Онлайн дәрістен» кейін «Райымбек батыр» мешітінің ұйымдастыруымен, «Райымбек батыр» мешітінің Құран курсы шәкірттері мен жамағаты және «Аманқұл ата» мешітінің Құран курсы шәкірттеріне «Райымбек батыр» мешітінің оқу залында «Дін мен дәстүр» науқаны аясында «Ашық сабақ» өткізілді. «Ашық сабақ»-та Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Жакиев Тлепберген, «Райымбек батыр» мешітінің бас имамы Нұржан Пірәліұлы, наиб имам Аманбеков Тохтарбай және «Нұрлы» мешітінің бас имамы Ормантаев Қылышбектер уағыз айтты.
Ашық сабаққа жиналған жамағат
«Райымбек батыр» мешітіндегі Құран курсында 30 параны толық жатқа алған тұңғыш қари-түлегі Сапарбаев Оңалбайдың қуанышына жайылған мерекелік дастарқан үстінде жалғасты. Шәкірттермен жамағатқа арнайы дастархан жайылып дәстүрге сай наурыз-көже таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2014
4021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру