Бүгін, яғни 7-ші сәуір күні Маңғыстау облысына қарасты барлық мешіт имамдары І-ші тоқсанның қорытынды мәжілісін өткізді. Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам С.Сейтбеков орталық мешітте аудан және ауыл имамдарының кезекті тоқсандық мәжілісін өткізді. І тоқсан барысында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти тапсырған міндеттемелердің орындалуы турасында аудан имамдары есеп берді. Сол секілді алда атқарылуы тиіс мәселелер жайында да бірқатар тапсырмалар беріліп, міндеттемелерді барынша жауапкершілікпен атқару жүктелді. Әсіресе, теріс ағымдармен жұмыс, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру және уағыз насихатты күшейту қажеттігін ұдайы назарда ұстау тапсырылды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2014
3454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру