Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Барша жұртты баураған "Жұмадағы тілдесу"

07.04.2014 3333 0 пікір

Атырау облыстық "Қазақстан-Атырау» радиосынан діни бағыттағы "Жұмадағы тілдесу" бағдарламасы біраздан бері көпшілікке ұсынылып келеді. Жуырда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы «Діни тұрақтылық – ұлт тұтастығының кепілі» тақырыбында сұхбат берді. Аталмыш бағдарлама аптасына бір рет жұма сайын тікелей  эфирде 1 сағат бойы жүргізіліп, осы уақытқа дейін өз аудиториясын, яғни көпшілік тыңдармандарын жинап отыр. Қазіргі таңда студия жүргізушісі «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа  шеккендерге көмек орталығы» Қоғамдық қорының директор орынбасары, теолог Аташев Айбек Асқарбекұлы апта сайын мешітіміздің имамдарын, ұстаздарын, білікті теолог мамандарымен түрлі тақырыпта сұхбат жүргізіп келеді. Тікелей эфир барысында әрбір радио тыңдарман өзін мазалап жүрген қандай да бір сұрағын қойып, жауабын ала алады. Бас имамның мұрындық болуымен қазір де эфирге шыққан бағдарлама жазбаға түсіріліп, алдағы уақытта сайтымыздың "радиохабар" айдарына қойылып, тыңдарман бағдарламаны кез-келген уақытта тыңдай алатын болады.

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру