Қасиетті жұма күні кеншілер қаласының жаңа имамы тағайындалды. Жұма намазына жиналған қалың жамағат алдында ҚМДБ уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор, исламтанушы Ершат Ағыбайұлы Оңғаров мешіт мінберінде қияметтің кіші белгілері жайында уағыз - насихат айтты. Содан соң жамағат алдында «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітіне жаңадан тағайындаған бас имамы Бауыржан Құмарғазұлын таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының №527 бұйрығымен 2014 жылдың 1 сәуірінен ҚМДБ Республикалық Ислам діни бірлестігінің филиалы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық «Бәйтерек» мешітінің имамы қызметінен босатылып, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласындағы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітіне Балтабеков Баурыжан Құмарғазыұлы бас имам болып тағайындалды.
Балтабеков Бауыржан Құмарғазұлы, 1981 жылы ШҚО Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылдық «Бәйтерек» мешітінің имамы болып қызмет атқарған. Жалпы қызмет ету барсында тәртіптік шараға тартылмаған, үстіне арыз-шағым түспеген, өзіне тапсырған жұмысты жауапкершілікпен атқарған тұлға ретінде таныстырды. Жамағатты бірлік-ынтымаққа, татулыққа шақырып, Ершат Ағыбайұлы Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің бас имамы Бауыржан Құрманғазыұлына тапсырылған жұмысты ары қарай жалғастыруға сәттілік тіледі.
Қала әкімі Әнуар Серікбайұлы да сөз кезегінде: «Дін Ислам, оның талаптары тұрған жерде оның бейбіт сүйгіш қағидаттары айтылып, дәріптеліп, бірнеше ұрпақтың бойына сіңіп келе жатқан жерде, татулық, ымырашылдық, мұсылман баласының бір-біріне жақсылық тілейтіні белгілі», - деп дінге толық сауаттанып, діннің барлық талаптарын діни сауаттылық деңгейінде түсініп үлгермеген қоғам бар жерде, мешіт имамдарының да еңбегінің биік маңызға ие екендігін айта келе қаламызда 5 жылдан аса дінде қызмет еткен Бақдаулет Нұрматұлына қала басшысы ретінде, әрі қаланың барша жұртышылығы атынан алғыс айтып, кеншілер қаласы атынан естелікке сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, қала әкімі Әнуар Омар, Сәтбаев қаласының көлемінде дін басшысы болып келіп отырған жаңа имамның басқан қадамы құт болсын деп, татулық, бірлік бола берсін деген жылы лебізін білдірді. Қаламыздың жамағаты, шәкірттері Абдрахманов Бақдаулет Нұрматұлының иығына шапан жауып, ақ тілекпен аға бауыр, інілерінің атынан темір тұлпар кілтін сыйлап, шығарып салды.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы, Сәтбаев қаласы
«Б. Балқыбайұлы» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.04.2014
3990
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру