Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам телеарнаға сұхбат берді

04.04.2014 3499 0 пікір

Сәуірдің 3-ші жұлдызында Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов «Қазақстан-Орал» телеарнасына «Дін мен дәстүр»  тақырып аясында сұхбат берді.

Студия қонағы ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі Руслан Тыныштықұлы, облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығметов қатысты. Облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сұхбатында Бас мүфтидің 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауы ел мұсылмандары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Сол секілді Ақжайық жұртшылығы үшін үлкен серпіліс тудырды. Қазіргі уақытта үш бағыт бойынша жұмыс жасап келеміз. Атап айтқанда: 1. Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегінде топтасуға күш салса; 2. Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыруға; 3. Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыруда. ҚМДБ-мен бірлесіп бір қатар іс-шаралар жасалды. Өткен жылы Орал қаласында аудан, ауыл имам-молдаларының бір апталық діни семинары өтсе, жақында Жаңақала ауданында имамдардың біліктілігін арттыру семинары өтті. Имамдар мектеп оқушыларымен кездесіп, жергілікті жерге барып жамағаттарға діни сауаттылығын арттыру мақсатында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен «Зекет» қоры арқылы облыстағы мешіт имамдарына білімі мен лауазымына қарай 30-60 мың теңге аралығында жалақы берілуде.

Журналист Г.Тілеубаева мен көрермендердің толғандырған сауалдарына облыс имамы толықтай жауап берді.

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру