ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен қаламыздағы қарттар үйінде арнайы шақырған Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, әнші, сазгер Әлмырза Ноғайбаевтың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Ең бірінші қарттарымызға қалалық «Айтбай» мешітінің найб имамы Ырысбай Базарбай, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен Дәстүр» кітабын таныстырып: «Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең-байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар, бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті. Сондықтан ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет», - деп кітаптан үзінді келтірді.
Уағыздан соң қарттарымыз Әлмырза ағамыздан термелер мен халық әндерін тыңдап көңілдері марқайып қалды. Қарияларымыз өз алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
«Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер», – демекші осындай ақ баталарын беретін қарттарымызға Алла қуат берсін.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.04.2014
3678
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру