Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақпараттық-талдау орталығы жұмысын бастады

02.04.2014 5094 0 пікір

Үстіміздегі жылы 11 наурызда Ақтөбеде облыстық «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіркеуден өткен болатын. Бірінші сәуірде осы орталық өз ғимаратында Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы (АНТ) мүшелерінің алғашқы отырысын өткізді.

Бұл отырысқа Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы мүшелері, мүдделі атқарушы билік органдарының басшылары, дәстүрлі дін өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырысты «Ақтөбе облысының дін істері  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бауыржан Есмахан кіріспе сөзбен ашып, «Ансар» ақпараттық-талдау орталығының негізгі қызметтерін қысқаша түсіндіре келіп, жиналғандарға орталықтың басшысы Төлеген Талдыбаевты таныстырып, орталықтың және АНТ мүшелеріне өзінің ізгі тілегін білдірді.

Одан кейін сөз алған «Ансар» қоғамдық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің  директоры, теолог Асқар Сабдин, «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ басшысы Төлеген Талдыбаев, осы орталықтың бөлім меңгерушісі Асыланбек Тыныштықов, ҚР мәдениет қайраткері, облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы қоғамдық саяси кеңестің үйлестірушісі Еркін Құрманбек, Дәулетжан Әбенов, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Әбдімүтәлі Дәуренбеков, «Ақтөбе» медресесінің ұстазы Бауыржан Нұрғалиев, журналист Өмірсерік Оразалин, «Ақтөбе облысының дін істері  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Руслан Құлдыбаев жаңадан ашылған «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттау тобы (АНТ) мүшелерімен, мүдделі атқарушы билік органдарының басшыларымен, дәстүрлі дін өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жұмыс істегенде ғана көздеген мақсатқа жетуге болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, сөз сөйлегендер осылайша «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» бірлесіп жұмыс істегенде ғана конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге, қоғам назарын дін саласындағы өзекті мәселелерге аудартуға, жат ағымдарға еріп кетіп адасып жүрген жастарды дұрыс жолға түсіруге, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға болатындығын тілге тиек етіп, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Мәжіліс соңында «Ансар» ақпараттық-талдау орталығы» КММ басшысы Төлеген Талдыбаев қорытынды сөз сөйлеп, осы отырысқа қатысқандарға алғыс білдірді.

 ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру