Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс өкіл имамдарына өз облыстарына қажетті мамандар үшін университет және медресе басшыларымен, әрі бітіруші студенттермен хабарласып, маман тапшылығын шешуді қолға алуды тапсырған.
Осыған орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Арын Берік алғашқы іс сапарды еліміздің батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе қаласындағы медреседен бастады.
Арын Берік: «Адам өміріндегі ең қымбат мекен бұл – туған жер. Осы өніп-өскен жерімізден нәр алғаннан соң, туған жерге қызмет ету борыш. Дін жолында алып жатқан білімді, елге беру үлкен сауапты амал. Алдағы уақытта оқу орнын бітіргеннен кейін, сіздерді туған мекенге Алла разылығы үшін қызмет етуге шақырамын», - деп шәкірттерге ой салып, пікірлесті.
Медресе шәкірттері де бұл ұсынысты құптап, алдағы уақытта алған білімдерін өңіріміздегі діни ахуалды бұдан әрі жақсарту үшін, дін жолында аянбай қызмет жасайтындықтарын білдірді.
Ендігі бағыт оңтүстік өңірдегі Шымкент және Сарыағаш медреселері болмақ.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.04.2014
3801
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру