Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Суицид - ауыр күнә

01.04.2014 4103 0 пікір

Наурыз айының 31-күні Маңғыстау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен өкіл имам С.Сейтбеков «Суицид» тақырыбы бойынша кездесу өткізді. Шариғат бойынша өзіне өзі қол жұмсау ауыр күнә екенін баршамыз білеміз. Алайда соңғы уақытта өз өзіне қол салу оқиғалары жиілеп кеткені алаңдатады. Жасөспірімдер арасында болғандай ересектер арасында да көрініс беруде. Өкіл имам дін бойынша суицидтің қаншалықты ауыр күнә екенін, ақыреті тозақ болатынын көркем түрде жеткізе білді. Тәртіп сақшылары, яғни полиция қызметкерлері мәселеге қатысты және өздерін толғандырып жүрген дінге қатысты көкейдегі сұрақтарын сұрап, барынша белсенділік танытты.

 Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру