Өткен күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде барша жамағаттар үшін айлық дастархан жайылды. Осындай үлкен басқосулар ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлының ұйғарымымен жыл басынан бері ай сайын өз жалғасын тауып келеді. Қазіргі таңда облысымыздағы түрлі ағымдардың құнарлы топыраққа шыққан арам шөптей етек жайғаны баршаға мәлім. Дегенмен, осы жайттар ескеріліп, дәстүрлі дінімізді жаңғыртуда үгіт-насихат жүргізіліп, жамағат басын біріктіретін осындай түрлі шаралар басшылыққа алынуда. Осы бағытта «Бір жамағат, бір мәзһаб» атты тақырыпта ақ дастархан жайылып, «Иманғали» орталық мешітінде дін қызметкерлері мен жамағаттардың басы бірікті. Алғаш сөз алған өкіл имам Батыржан Берденұлы «Жамағаттың имамға бағынуы» турасында уағызын айтып, осы басқосудың өзіндік маңыздылығын жеткізді. Ал дастарханның құрметті қонағы болған шейх М.Ж.Хашим жиналған жамағатқа мұсылман баласының бірін-бірі жақсы көру, бауырмалдық таныту, мейіріммен қарау жайындағы Ардақты Елшінің (с.ғ.с.) бірқатар хадистерінен мысалдар келтіріп, осы дүние мен ақыреттегі оның жемісі жайында уағыз айтты. Уағызды ұйып тыңдаған көпшілік өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, берілген жауаптар үшін ризалықтарын білдірді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2014
3722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру