Қызылорда қаласы Мәншүк Маметова атындағы гуманитарлық колледжі – педагогика саласында мамандарды дайындауда дәстүр мен тәжірбиеге бай орта кәсіби оқу орындарының бірі. Осы себепті болар арнайы Мәскеу қаласынан №5-ші педогогикалық колледж оқытушылары Наталья Леонидовна мен Марина Сергеевна іс-тәжірибе алмасу мақсатында жұмыс барысымен Сыр елінің бас қаласына келген-тін.
Іс-сапар барысында делегация мүшелері М.Маметова атындағы оқытушылармен бірге Алланың үйіне соға кетуді жөн көріпті. Арнайылап келген қонақтарды Бас имам Талғат Омаров найб имамдарымен бірге қарсы алды. Қонақтарға мешіттің ішкі құрылысы таныстырылып, сый-сияпаттар көрсетілді. Мәскеуден келген қонақтар мешіттің сәулетті құрылысына таң-тамаша болып, өздерін қарсы алып, жақсы мәміледе сұхбаттаса алғандарына ризалықтарын білдіріп, рахметтерін айтты.
Алла тағала Өзінің үйіне келген бұл қонақтардың жүректеріне иман нұрын беріп, Исламмен сүйіншілесін деп дұға етеміз.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.04.2014
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру