ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде азан жарысы өтті.
Аталмыш шараға қала, аудан мешіттерінен 64 шәкірт қатысып сыналды. Бұл сайысқа шәкірттерге төрелік етіп, әділ бағасын беретін сарапшы ретінде
1. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров;
2. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Арын Берік;
3. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің азаншысы – ұстазы Гаджиев Мұхтар;
4. Қалалық «Хазреті Али» Мешітінің бас имамы – Пернебеков Нұрлан қатысушылардың азан айту мен дұғасына жыдды мән беріп, дауысының әдемілігіне ғана қарап қоймай, әрбір махраждары мен қатесіз оқылуына да дейін салды. Азан айтудан сайысқа қатысушы 64 шәкірттің жартысы Бесін намазына дейін айтып үлгерді. Түс уақытында үзіліс жариялап, Бесін намазынан соң жарыс қайта жалғасты…
Кеш өте қызықты әрі таласты өтті. Кейбір шәкірттер әуезді азан айту барысында, әлемдердің жаратушысы Аллаһ есімін және хақ елші адамдардың асылы Мұхаммед (с.ғ.с) есімін айтқан уақытта жүректерді тебіретіп, көзге жас үйірді. Азан жарысына деген жастарымыздың ықыласы міне, осылайша ерекше екендігі байқалып, шәкірттер бірінен-бірі асып түскендігі соншалық, арасынан үздігін шығару қиынға соқты.
Шәкірттердің ішінен көптеген орын аларлық, дауысы асқақтаған шәкірттер арасынан ажыратып үздігін таңдап алу қиынға соқты. Барлығы керемет айтуға тырысты. Дегенмен сараптауға жиналған сарапшылардың міндеті болғандықтан ақылдаса отырып ұтымды шешімдерін бере білді.
1 орын – Күнгебаев Руслан (қалалық «Нұр» мешіті) 40 000 теңге жүлдегері
2 орын – Алмағанбетов Рүстем (Тасбөгет кенті «Құддыс ишан» мешіті) 30 000 теңге жүлдегері
3 орын – Алмурзаев Айбек (қалалық «Айтпай» мешіті) 20 000 теңге жүлдегері
Ынталандыру:
- Ханқожаев Мұрат – 50 00 теңге
- Ербозов Ақан – 50 00 теңге
- Тынышбаев Рамазан – 50 00 теңге
- Алихан Руслан – 50 00 теңге
- Тұрсынов Қожахмет - 50 00 теңге
- Ибрашов Сұлтанхан – 50 00 теңге
- Тұрабаев Нұрдаулет – 50 00теңге
Міне осы аталғандар жүлделі орындарды иеленді. Басқада қатысқандарға арнайы жасалған “Алғыс хаттар” берілді.
Әрбір мұсылманмын деген адам азан шақыра білуі тиіс. Себебі азан жаманшылықты қуады, әрбір шаңыраққа береке ұялатады.
Елімізде әрдайым Аллаһты ұлықтайтын азан үні асқақтай берсін.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2014
4261
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру