Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері екібастұз қаласында

31.03.2014 3893 0 пікір

ҚМДБ-ның  РАНТ мүшелері  Рүстем Сыздықовпен Бауыржан  Отарбаев 28-наурыз күні толығымен Екібастұз қаласында жұмыс атқарды. ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновтің тапсырмасы бойынша Екібастұз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен бұл күні  РАНТ мүшелері қаладағы Қ.Сәтбаев атындағы инжнерлік-техникалық университет және политехникалық колледждің 400-ден астам студенттерімен кездесу жасап, оларға абайсызда  жат пиғылды ағым-секталар шылауына ілініп арандап қалмау, ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары, діни білімді тек ғана мешіттерден үйрену қажеттігі туралы кең көлемде түсініктер айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Келесі кезекте дінтанушы Рүстем Мәлікұлының Екібастұз қалалық мешітінде жұма намазына жиналған 1000-нан астам жамағатқа асыл дінімізді жаю, ұлықтау бағытында мемелекеттің ұстанымы, дәстүрлі дініміздің құндылықтары туралы ұлтымыздың ұлық тұлғалары Абай, Шәкәрім, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулат, Мәшһүр Жүсіптердің еңбектері мен даналық сөздері, өлеңдерінен көптеген мысалдар келтіре отырып жүргізген уағызы аса әсерлі болды.

Түстен кейін РАНТ мүшелері қалалық білім басқармасында мектеп директорлары, тарих пәнінің мұғалімдері, учаскелік инспекторлар,тәрбиешілер барлығы 170 адам жиналған кездесуде де  жастар мен оқушылар тәрбиесінде Ислам дінінің рөлі,оны дұрыс пайдалану,  дұрыс түсінік қалыптастыру жолдары туралы әңгіме өткізді. Кездесуден кейін РАНТ мүшелері  Екібастұз қалалық телевидениеге және жергілікті «Отарқа», «Голос Екібастұз» газеттеріне арнайы сұхбаттар берді. Сондай-ақ Екібастұз қалалық мешітінен арнайы ұйымдастырған өңірдегі спортшылар, ақын-жазушылар, айтыс ақындары, өнер адамдары, өңірге беделді,танымал жастардан құралған барлығы 40-тан астам жастарға жолығып, оларды қызықтырған сауалдарға жауап беріп, дәстүрлі Исламның құндылықтары туралы әңгіме жүргізді. Сонымен қатар РАНТ мүшелері Солнечный кентінде болып ондағы «Жеміс әулие» мешітіне тұрақты келетін 60  жамағатпен кездесіп уағыз-насихаттар айтты.

РАНТ мүшелері 29-наурыз күні Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде болып медресе шәкірттері мен ұстаздарының толық құрамымен кездесіп, олардың танымы мен түсінігін кеңейткен кең көлемде салиқалы әнгіме өткізді.

Қорыта айтқанда  РАНТ мүшелері 25-29-наурыз күндері Павлодар облыс бойынша 17 жерде кездесулер өткізіп оған  барлығы 2 мың 400-ден астам адам қамтылды. Сонымен қатар «Қазақстан-Павлодар», «Екібастұз» телеарналары және «Отарқа», «Голос Екібастұз» газеттеріне арнайы сұхбаттар берді.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру