Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қаланың тазалығы, адамның тән азығы

31.03.2014 4849 0 пікір

Ислам діні тазылықты талап етіп келген дін. Адамның тәнін, жанын, киімін, тұрғылықты жерімен қоршаған ортасын таза ұстауды ұсына келе, Пайғамбарымыз (с.а.с)  «Тазалық иманның жартысы» - деп, адмзат үшін ең үлкен сый иманымызбен, тазалықтың таразысын теңеп қойған. Отан отбасынан басталады, отбасы кіші отаның болса, басты Отаның атадан мұра боп қалған осынау кең байтақ жерің. Отанға деген сүйіспеншілік осы жерді тап-таза қалпында кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдыру, онда өскен әр талмен, бір тал шөбін аялап қарау, әр адамның азаматтық борышы болып табылады.

Жылдағы үрдіс бойынша биылда Талдықорған қаласында "Таза қала" акциясы өтті. Алайда бұл жолғы акция бұрынғы акциядан өзгеше болды. Несімен дейсіз ғой! Себебі бұл сенбілікке Талдықорған қалалық мешіттерінің имамдары мен жамағаты қалалық әкімшілікпен бірлесе отырып, белгіленген жердің тазалығына білек сыбана атсалысты. Бұл шара, Ислам дінінің тазалықты талап етіп қана қоймай, оны іске асыра білетіндігінің бір дәлелі болғандай.

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлының бастамасымен болған бұл бастама болашақта жалғасын таба берсе екен деген үміттеміз. Бұнымен біткен жоқ, дәл осы күні бір топ мешіт жамағаттары орталық "Нұр" мешітінің аумағын топырақ, құм, қиыршық тастардан тазалап, арық жүйесін қалпына келтірілді. Қыстан қалтырай шыққан қалың ағаштардың түбін қопсытып, діндерін ағартып, артық бұтақтарын алып тастады.

Лайым, Құдайым "Қазақ елінің" егемендігін мәңгілік қылып, қойнауы қазынаға толы байтақ жерімізбен елімізді, қашанда амандықта, есендікте қылғай!

 ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру