Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚР Дін істері агенттігі Қызылжар өңірінде

31.03.2014 3724 0 пікір

ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов Солтүстік Қазақстан облысына іс-сапармен келген болатын.

Іс-сапар барысында мәртебелі мейман Дін істері басқармасында аталмыш мемлекеттік мекеменің басшысы Мұратбек Зейнуллинмен кездесіп, өңіріміздің діни ахуалымен танысып, маңызды мәселелерді талқылады.

Содан кейін Ерлан Сатыбайұлы ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешітіне ат басын бұрды.

Бұл шара шеңберінде мәртебелі мейман үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және ҚР Дін істері агенттігі өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойып, бірлесе жұмыс жүргізіліп отырғандығы туралы сөз қозғады.  Сонымен қатар, ол басқа да бірқатар мәселелерді тілге тиек етіп, мұндай кездесулердің маңызы зор екендігіне баса назар аударды.

Бұдан соң Бас имам Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы мешітте атқарылатын негізгі жұмыстар жайлы айтып берді.

Кездесу аясында қатысушылар өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Айта кетерлік жайт, ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары мешіттегі кітапхана және дәрісханаларын аралап, мұндағы сараптамадан өткен діни әдебиеттермен танысып, оң бағасын берді.

«Қызылжар» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру