28 наурыз күні Атырау қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (ФОК) ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы спортшы жастармен кездесті. 500-ге жуық жиналған спортшы жастарға өкіл имам қазіргі діни ахуал жайында кеңінен түсінік беріп, дәстүрлі дініміз Исламды жамылып, соның кейпін киіп, теріс пиғылдарын жүзеге асыруды мақсат тұтқандардан сақтануға шақырды.
Сонымен қатар жастарды мешіт жанындағы «Сауат ашу орталығына» білім алуға шақырып, ол оқу орнында білікті мамандар дәріс беретінін жеткізді. Аталмыш шараға сондай-ақ Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев, «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы, теолог маман Ерсін Әміре қатысып, сөз сөйледі. Дін өкілдеріне жастар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты дәлелдермен толыққанды жауаптарын алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2014
3321
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру