Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін - дәстүрдің таразысы

31.03.2014 3643 0 пікір

Наурыз айының 29-жұлдызында «Таугүл-3» мешітінің ұйымдастыруымен Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің биылғы жылды Дін мен дәстүр жылы деп атауына байланысты «Дін - дәстүрдің таразысы» атты тақырыпта мешіт жамағатымен кездесу болып өтті. Кездесуді «Таугүл-3» мешітінің Бас имамы Нұржан Таласұлы ашып берді. Келелі жиынға ҚМДБ-ның уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ершат Ағыбайұлы қатысып 2014-жылдың «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялануының мақсаты мен маңызын атап көрсетті. Сонымен қатар «Нұр-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті» университетінің дінтану кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Алау Әділбаев мырза да қатысып дін мен дәстүрдің сабақтастығын ғылыми түрде әңгімелеп берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру