28 наурыз күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы аудандық мешіт имамдарымен мәжіліс өткізді. Өкіл имам халықты тәрбиелеп, имандылық кәусарымен сусындататын өздері екенін жеткізіп, жамағатқа уағыз айтуда оның маңыздылығымен бірқатар мәселелерді талқылап, тапсырмалар жүктеді. Онда әсіресе басшылыққа алынған ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай жұма намазының алдында оқылатын хұтба енді қазақша аудармасымен оқылатыны жайында жеткізіп, бұдан кейін аудан мешіттерінде де жұма хұтбасы өз тілімізде оқылатын болды.
Өкіл имам: "Бұл соншалықты таңғалатын жаңалық емес, себебі Ислам мемлекеттерінде хұтбаны өз тілдерінде оқып келе жатқан бірқатар елдер де бар. Хұтбаны қазақ тіліне ауыстыру шариғат талаптарына қайшы келмейді, керісінше шариғат үкіміне көбірек сәйкес келеді. Сондай-ақ, бұлай ету екі хұтбаны тыңдау шариғи міндет әрі жұманың шарттарынан болғандықтан, жамағаттың барлығының толығымен тыңдауын қамтамасыз етеді" деді.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.03.2014
8112
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру