Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетімнің басын сипау – сауап іс

28.03.2014 4379 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков 27-наурыз күні Ақтау қаласындағы балалар үйінде тәрбиеленушілерге мешіт жамағаты атынан қайырымдылық шарасын өткізді.

Мемлекетіміздің арнайы бағдарламасы бойынша жетім балаларға ата-ана мейірімін беру мақсатында «Балалар ауылы» құрылғанын білеміз. Міне осындай балалар ауылы деп аталатын мекемеде тәрбеленушілердің көңілін жабырқату мақсатында мекеме басшылығы жолдаған 9 ер баланы дүкенге апарып, спорттық киімдер алып берді.

Кешкісін Мұнайлы аудандық мешіттің бас имамы А.Муталиев мешіт асханасында кешкі ас ұйымдастырып, 21 баланы арнайы автобус арқылы әкелді. Өкіл имам жиылған жамағатқа мейірімділік жайында уағыз айтса, мешіт ақсақалдары балаларға ақ батасын берді. 

Артынан Мұнайлы аудандық мешітпен таныстырып, діни кітаптарды сыйлыққа беріп, шығарып салды.

Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру