ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, Орталық “Ақмешіт-Сырдария” мешітінің ұйымдастыруымен қала және аудан бас имамдарына арнайы Ақида пәнінен семинар басталды.
Бұл семинардың басты мақсаты өңір имамдарына Ақида пәнінен терең білім беру. Бүгінде түрлі керітартпа ағымдар белең алып, халық арасында іріткі пікірлер қалыптастырып, исламмен ұштасқан дәстүрлерімізді жоққа шығарып, сенім негіздерін түрлі бағыттарда дәлелдеп жатқан жайттар көрініс тауып жатқан жайы бар. Бұл ретте имамдар мен ауыл молдаларын Ақида пәнін тереңдеу біліп, жоғарыдағыдай жағдайларды біліммен дәлелдеп, халыққа ақ-қарасын ажыратып бере алатындай дәрежеге жеткізу өте қажет ақ.
Осындай мәселені басты назарға ала отырып орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Мысырдағы әлемге әйгілі бірінші ислами «Әл-Азһар» университетінің түлегі, дінтанушы, орталық мешітіміздің ұстазы, Арынов Берік ақида негіздері пәнінен арнайы дәріс беруде.
Бұл алғашқы апталық семинарға қала мен аудан имамдары қатысып жатқан болса, келер апталық семинарға қала мен аудан мешіттерінің найб имамдары қатысып, білім алмақ. Имамдар орталық мешіт қабырғасында таңнан кешке дейін арнайы жоспармен дәріс алуда.
Осылай имамдарды Ақида пәнінен білімдерін жетілдіріп, ары қарай білім алған имамдар өз аймақтарына қарасты ауыл имамдарын жинап осы пәннен семинар өткізбек.
Аллаһ тағала имамдарымыздың білімін жетік етіп, халық арасында ынтымақ пен бірлігі жарасып, қашанда шаттықта, иман аясында бақытты өмір кешуге жазсын! Әмин.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.03.2014
4760
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру