Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жаңажолда жаңа мешіт

27.03.2014 3372 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен Казталов ауданы,  Жаңажол ауылына облыстық орталық мешітінің найб имамы Марат Асанов ауыл тұрғындарымен кездесті.

Оған ауыл әкімі Арман Алдабергенов,  ауылдың ақсақалдары мен жастары, барлығы 60-тан астам жамағат қатысты.

Кездесуде облыстық орталық мешітінің найб имамы Марат Рахметтоллаұлы бүгінгі таңда өзекті мәселенің біріне айналған жас жеткіншектер арасындағы өзіне – өзі қол жұмсау оқиғаларына байланысты уағыз айтып, қазақ халқының ежелден ұстанып келе жатқан Әбу-ханифа мәзхабын ұстану керектігін баса айтты.

Ауыл жұртшылығына сүйінші хабар жеткізді. Иманды азаматтардың бірі – жеке кәсіпкер Айдос  Сарсенғалиев осы Жаңажол ауылында мешіттің құрылысын бастамақ. Айдос Сатқанұлы қазір біздің ортамызда отыр. «Алла қаласа, бұл мешіт те ашылып, иманды жастар көп боларына сенім бар, дін мен салт-дәстүрімізді дәріптейтін, ата-анасын сыйлайтын, елге жақсылық жасайтын иман жүзді ұрпақтарымыз көп болсын!», деді Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұралиев

Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру