ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен 17-19 наурыз аралығында Жаңақала ауданында аудан және ауыл имам-молдаларының білімін жетілдіру мақсатында 3 күндік семинары болып өтті.
Семинарға БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов өзі бастап, облысымыздың оңтүстік аудан имам-молдалары қатысты. Оларға «Құран, тәжуид» сабағынан «Орал» медресесінің ұстазы, Египет Мысыр Республикасының «Әл-Азһар» университетімен келісімі бойынша елімізде қызмет атқарып жүрген Мохаммед Наги Шушан Кассем, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы турасында «Жайық» диструктивті жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының бас маманы Арман Нұрахметұлы, «Ақида», «Ағымдар тарихы» бойынша облыстық орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев сынды теологтар дәріс берді. Семинарға қатысқан барлық имам-молдаларға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» кітаптары мен сертификаттар табыс етті.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2014
3761
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру