Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының 2014 жылды мен дәстүр жылы деп жариялауына орай Алматыдағы Әбу Ханифа атындағы республикалық медреседе мерекелік шара болып өтті.
Медресе шәкірттерінің ұйымдастыруымен өткен бұл шараға ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Алматы қаласы бойынша Дін істері басқармасының директоры Нұржан Бейсенбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Әуесханұлы қатысты.
Шарада Ғылымбек Жәдігерұлы алғашқы сөз тізгінін алып, медресе тәлімгерлерінің мұрындық болған игі де ізгі іс-шараның маңыздылығына тоқталды. «Дін мен дәстүрді бекем ұстанған ұрпақ ешқашан адаспайды. Сондықтан асыл құндылықтарымызды халқымызға жеткізе берулеріңізге тілектеспін», – деді Ғ.Мәжиев.
Мерекелі шара барысында түркі даласына Ислам дінінің келу тарихы, дінмен қатар қазақ мәдениетінің өркендегені туралы шығармалар оқылды. Кеңес үкіметінің халықты діннен қалай қайтарғаны жайлы көрініс қойылып, дін мен дәстүр тақырыбында видеоролик көрсетілді. Ізгі іс-шарада күй шертіліп, Шал ақын, Қабан жырау, Абай, Шәкәрім сынды имандылықты жырлаған тұлғалардың тағылымды өлеңдері оқылды. Тәлім мен тағылымға толы кездесу дәстүр сабақтастығы туралы шәкірттердің шығармашылық өнерімен жалғасты. Наурыз көше ішіліп, уағыз айтылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.03.2014
3717
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру