Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

25.03.2014 4190 0 пікір

23-ші наурыз күні Маңғыстау облыстық орталық мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының қыз балалар тобының шәкірттері арасында «Ясин» сүресін жатқа мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Сауат ашу курсына келуші қыздардың ынталарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған Құран жарысы өте жақсы өтті. «Ясин» сүресін толық жаттаған 8 шәкірт қатысып өз бақтарын сынады. Облыстық мешіттің ұстаздары Гауһар Джумагалиева мен Айгерім Ахметова және Мұнайлы аудандық мешіттің ұстазы Ыбрайымқызы Қалбибі қазылық еткен жарыста 1-ші орынды Оразова Арафат алса, 2-ші орын Халипова Ғазиза, 3-ші орын Пилтан Мадинаға бұйырды. Шәкірттердің Құран жаттауға деген ықыластарын арттыру мақсатында 1 орынға 40 000, 2 орынға 20 000, 3 орынға 10 000 теңге сыйлық және өкіл имамның атынан марапат қағазы берілді. Өзге қатысушыларға да сый-сыяпат жасалды. Жарыс барысында көрермендердің белсенділігін арттыру үшін діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық берілді.

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру