Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Молдаларға сертификат табыс етілді

22.03.2014 3993 0 пікір

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен осыдан екі ай бұрын аудан имамдары мен молдаларының діни сауаттарын арттырып, тәжірибе алмасу мақсатында мешіт жанындағы «Сауат ашу орталығы» өз жұмысын бастаған болатын. 20 наурыз күні «Иманғали» орталық  мешітінің  бас имамы Батыржан Берденұлы, ҚМДБ-ның  шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы,  Атырау облыстық Дін істері басқарма басшысы Е.Шохаев, шейх М.Ж.Хашим және ұстаздар мен теолог мамандардың қатысуымен екі ай курсты бітіруші шәкірттерге сертификат табыс етілді. Енді қазіргі таңда келесі екі айлық курсқа тағы бір топ дін қызметкерлеріне сабақ беру мәселесі жолға қойылмақ. 

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру